03.10.2022
  134


Автор: Ертай Ашықбаев

Желтоқсан

Мен келген соң,
Әрине,
Дала аппақ,
таң да ашық.
Мәз болады сәби де
Алғаш рет қар басып.
Аң, құс —
асыл қазынам,
Бәрі мәз боп жортады.
Тек
(аңшы мен тазыдан)
Қояндарым қорқады.
Ақ тымақты қырқалар
Қонышыңа қар салар.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлпа қар,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — қансонар.





Пікір жазу