03.10.2022
  120


Автор: Ертай Ашықбаев

Қараша

Ұмыттым мен күлкіні,
Ашу қысып барады.
Ашылмайды күн-түні
Аспанымның қабағы.
Ызыңдатып қамысты,
Қалшылдатып қоғаны,
Кезіп жақын,
алысты,
Суық дауыл соғады.
Соғады жел ысқырып,
Осы біздің тұрмыс-хал.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — үскірік,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — тұңғыш қар.





Пікір жазу