meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  255


Автор: Ертай Ашықбаев

Қыркүйек

Қыркүйекпін мен деген,
Біледі жұрт атымды.
Мектеп жаққа келген ем,
Бала біткен қапылды.
Жапырақтар сарғайып,
Қоңыр салқын жел есті.
Жұрт:
«Отын-шөп қамдайық», —
Деп өзара кеңесті.
Ал мен жүрмін жарқылдап,
Күні-түні жоқ тыным.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — алтын бақ,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — көп білім.





Пікір жазу