03.10.2022
  92


Автор: Ертай Ашықбаев

Шілде

Е, түстім бе есіңе?
Мен — Шілдемін,
аптаппын.
Әуре болам несіне
Өзімді өзім мақтап мың.
Төсегіңде керілмей,
Жүгір жасыл құраққа.
Бүлдірген тер ерінбей,
Жуын мұздай бұлаққа.
Тас төбеден шақса Күн,
Шөліркеген құсты ұқтым.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ сағым,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ыстық құм.





Пікір жазу