03.10.2022
90
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
МАУСЫМ
Бұл балалар көрді ме,
Мына мені — Маусымды?
Сайрап жатқан жол, міне,
Іздей қалсаң тау,
шыңды.
Көлеңкеден...
күнгейден...
Қызық іздеу — борышым.
Кемпірқосақ — бір бейнем,
Жайлау — әсем қонысым.
Еңбектенсе жұрт анық —
Жайнап бақша,
бақ та өсер.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлпа бұлт,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ақ нөсер.