03.10.2022
  86


Автор: Ертай Ашықбаев

Наурыз


Әр қадамым құтты шын,
Көптен күттің —
сезем мен.
Мен — Наурызбын,
Ұқ, түсін:
Жыл басымын ежелден.
Дей алмаймын:
«Ұмыттың
Кең пейілін бұл сәттің».
Жер бауырын жылыттым,
Қасат қарды жұмсарттым.
Күлімдейді құрбымыз,
Бұл, әрине, дұрыс қой.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — сүңгі мұз,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — ұлыс той.






Пікір жазу