03.10.2022
  77


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨНЕ СӨЗДЕРДІҢ КӨМЕГІ

Елімнің білім құмар баласымын,
Зерттеймін көне сөздің әр асылын.
Жұртымды қорғағандар —
ҚОЛБАСЫЛАР,
ЖАУШЫЛАР — хабаршылар жолға асығар.
ЖАҚ, ЖЕБЕ —
атаулары қарулардың,
СӘУКЕЛЕ —
салтанаты арулардың.
АЛТЫН ЖАМБЫ —
байлығы даламыздың,
КЕСЕНЕЛЕР —
айбыны қаламыздың.
ЖАНАТ ІШІК —
қадірлі киіміміз,
КҮМІС КІСЕ —
тұрмыстық бұйымымыз.
Мен —
тарихи кітабы көп ұланмын,
Көне сөзбен айтқанда,
ОҒЛАНМЫН.





Пікір жазу