03.10.2022
  96


Автор: Ертай Ашықбаев

СЕБЕП-САЛДАРЛЫҚ ЖАЛҒАУЛЫҚТЫҢ САЛТАНАТЫ

Мен бүгін өзіме сенемін,
Еңсемді баспайды уайым-мұң.
Мектепке асығып келемін,
ӨЙТКЕНІ, сабаққа дайынмын.
Күн көктен сәулесін ақтарды,
Тамаша жағдайым қазіргі.
СЕБЕБІ, ереже жатталды,
Жаттығу қатесіз жазылды.
Бестікке лайықпын тап бүгін,
Балалар дейді енді: «Болдық таң».
Күтіп тұр сыныпта шаттық үн,
Асығып келемін СОНДЫҚТАН.





Пікір жазу