03.10.2022
  127


Автор: Ертай Ашықбаев

БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ БАЗАРЫ

Есте сақта барған кезде орманға:
БАЛТАНЫ да, БӘКІНІ де қолданба.
Табиғаттың төлі екенін ұғып бар:
ЖАПЫРАҚТАР, БҰТАҚТАР мен ШЫБЫҚТАР.
Сол орманда — тәбетіңнің керегі,
ЖАҢҒАҚТЫ да, БАДАМДЫ да... береді.
Әне, ШИЕ, ҚАРАҚАТ пен БҮЛДІРГЕН —
Көз арбайды сәулеленіп күн-нұрмен.
Ал биікте бәрін көріп отырар
ТОҚЫЛДАҚ бар, ШІЛ мен ҚҰР бар, ТОТЫ бар.
Есте сақта барған кезде орманға:
Себетіңнен басқа затты қолға алма.





Пікір жазу