03.10.2022
  79


Автор: Ертай Ашықбаев

КҮШЕЙТПЕЛІ ШЫРАЙДЫҢ ШЫНДЫҒЫ

Ілгері адым —
ізгі арай,
Уәдені ұмытпа.
Айналамыз біз қалай
ЕҢ үлгілі сыныпқа?
Өкіндірер қылық көп,
Мынау —
нашар бағамыз.
Қашан түгел сынып боп
КІЛЕҢ бестік аламыз?
Көп мініміз бар ТІПТІ,
Мойындаймыз, міне, біз.
Қашан НАҒЫЗ тәртіпті
Сынып болып жүреміз?
«Кемшілікті жойыңыз!» —
Деп сайрайды құсымыз.
ӨТЕ дұрыс —
ойымыз,
Тек ТЫМ қате —
ісіміз.





Пікір жазу