03.10.2022
  77


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕСЕПТІК САН ЕСІМНІҢ ЕСКЕРТУІ

Озаттарды құптайды
Арай-ауыл,
нұр-қала.
Сынып алға шықпайды
Кейін тартса БІР бала.
Озаттарды қолдайды
Арай-өскін,
нұр-шыбық.
Мектеп үздік болмайды
Кейін тартса БІР сынып.
Қабақ түйер таң тағы,
Толмас маңай нұрға да.
Неге кейін тартады
МЫҢ баланы БІР бала?





Пікір жазу