03.10.2022
216
КЕЗЕКТЕС САЛАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАҢТАРЫ
Далада қызық көп мың есе,
Біз емес суықтан жасқанар.
Ақша қар жауады БІРЕСЕ,
БІРЕСЕ ақ боран басталар.
Әнеки, мұзайдын.
Барамыз,
Қосылып кетеді жүз бейне.
Біз КЕЙДЕ тоңып-ақ қаламыз,
Ыстықтап кетеміз біз КЕЙДЕ.
Таласып қаламыз БІРДЕ біз,
Жарасып қаламыз БІРДЕ біз.
Сонда да сөгілмес іргеміз,
Сонда да күн бойы біргеміз.