03.10.2022
  217


Автор: Ертай Ашықбаев

СИНОНИМ АЙТҚАН СЫР

Тәртіптер бар не түрлі
Шәкірттерге лайықты.
Мұғалімдер секілді
Бол ҰСТАМДЫ, БАЙЫПТЫ.
Анықтап бас әр ізді,
Қуант ауыл-аймақты.
Спортшылар тәрізді
Бол ҚАЖЫРЛЫ, ҚАЙРАТТЫ.
Қадір тұт АР, ҰЯТТЫ,
Сақта ДӘСТҮР, ҒҰРЫПТЫ.
Ғұламалар сияқты
Бол БІЛІМДІ, БІЛІКТІ.
Шыңға сонда қонасың,
Төмендеме тек енді.
Сөйтіп шәкірт боласың
АБЫРОЙЛЫ, БЕДЕЛДІ.





Пікір жазу