03.10.2022
250
ҚАТУЛЫ КҮЗГІ ҚАРАТПА СӨЗ
Суық күз шықты жорыққа,
Бастады таныс бүлікті.
Сайрай бер, ТОРҒАЙ, қорықпа,
Жұлқыма, ДАУЫЛ, шыбықты!
КҮН, неге шуақ шашпадың,
ТАУ ШЫҢЫ, неге сұстандың?
Түнере берме, АСПАНЫМ,
Бөгеме жолын құстардың.
Қабағын түйіп күз келді,
Сездірді аяз жеткенін.
Жылындырасың біздерді
Енді тек өзің, МЕКТЕБІМ!