03.10.2022
  187


Автор: Ертай Ашықбаев

БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ БІРЛІГІ

Кезбек болсаң даланы,
Басты міндет —
танысу.
Сылдыр-сылдыр ағады
СЫРДАРИЯ, САРЫСУ...
Жазираны мақтап ап,
Жарқырайды таң-алқа.
Қыдыртады апталап
ҚЫЗЫЛҚҰМ мен САРЫАРҚА...
Денсаулықтың дауасы,
Елдің мерей-мақтаны:
ЖЕТІСУДЫҢ ауасы,
КӨКШЕТАУДЫҢ бақтары...
Көңілдердің құлыны,
Өлеңдердің ұйқасы:
МАРҚАКӨЛДІҢ тұнығы,
САРЫАҒАШТЫҢ шипасы...
Құм мен сазы —
қаймағы,
Өзгеше сый тартады —
БЕТПАҚДАЛА аймағы,
МОЙЫНҚҰМНЫҢ алқабы.
Барша жұртты құшасың,
Бар аймақты шоласың:
АҚТАУ жақтан ұшасың,
АЛАТАУҒА қонасың...





Пікір жазу