03.10.2022
  76


Автор: Ертай Ашықбаев

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТІҢ АҚЫЛЫ

Жалқауланба сабақта,
Ықыласпен оқы да —
Бағын барлық талапқа,
ЖАУЫРДЫ ЖАБА ТОҚЫМА.
Тапсырманың сауалын
Тап.
Айта біл жасқанбай.
Нақты болсын жауабың
ТАЙҒА ТАҢБА БАСҚАНДАЙ.
Кітап —
білім нұсқасы,
Оқы,
тексер,
анықта.
ҰЗЫН СӨЗДІҢ ҚЫСҚАСЫ —
Ізденуден жалықпа.





Пікір жазу