03.10.2022
  167


Автор: Ертай Ашықбаев

ТӘРТІПТІ ТАСЫМАЛ

Дәптерің бе, тақтаң ба,
Міне, кенет қинады:
Жазып келе жатқанда
Сөзің жолға сыймады.
Мейлі. Сөздің жалғасын
Екінші жол қарсы алар.
Әр әріптің таңбасын
Сол жол көріп тамсанар.
Тек тасымал талабы:
ПАРТА болар,
(ПАРТА емес).
Буын билік алады:
КАРТА болар,
(КАРТА емес).
Білім —
сөнбес маздағым,
Еш сырым жоқ жасырар.
Мынау менің жазғаным:
(ТАСЫМАЛ емес),
ТАСЫМАЛ.





Пікір жазу