03.10.2022
  209


Автор: Ертай Ашықбаев

15.00

О, бұл шақта шаршама!
Ойнауыңа болады.
Қызықтарға қаншама
Тоймауыңа болады.
Барып бауға, баққа да,
Аралауға болады.
Сағатқа да сақтана
Қарамауға болады.
Алып келген добыңды
Тепкілеуге болады.
Бір мақсатқа қолыңды
Жетті деуге болады.
Ілестірмей құйынды,
Шапқылауға болады.
Ал, шаң болған киімді
Қаққылауға болады.
Дос ісіне сүйіне,
Қол алуға болады.
...Содан кейін үйіңе
Оралуға болады.





Пікір жазу