03.10.2022
196
14.30
Жарқырайды терезе,
Төгіп ғажап арайын.
Ал, мен сүйер ереже:
Сәл ұйықтап алайын.
Сәл ұйықтап алайын,
Ойламайын түк те мен.
Содан кейін санайын —
Істерімді бітпеген.
Жоқты сосын табайын,
Күт, алтын гүл, күміс тал.
Сәл ұйықтап алайын.
...Қане, бөлмем, тыныштал!