03.10.2022
  102


Автор: Ертай Ашықбаев

13.30

Қайттық үйге, міне, біз,
Қолға түсті еркіндік:
Жарқылдаймыз, күлеміз,
Сергідік те серпілдік.
Біз — сусынға қанған дән,
Біз — бұлттармыз ағылған.
Сөйлемдейміз талданған,
Түбірдейміз табылған.
Қарар бізге күліп бақ:
Ентігеміз асығып —
Портфеліміз ұмыт қап,
Қаламымыз шашылып.
Қудық қанша кептерді —
Жүгіріп те құлап біз.
...Біз — бүгінгі Леп белгі,
Біз — ертеңгі Сұрақпыз.





Пікір жазу