03.10.2022
89
12.45
Біздің сынып не істемек? —
Наурыз-мейрам жақын-ақ.
...Сөз сөйледік кестелеп,
Апай отыр бақылап.
Қастерлейміз ғұрыпты,
Мақсатымыз баршылық:
Жайнатамыз сыныпты,
Жаңғырады тал-шыбық.
О, қалмаймыз тосылып,
Өнеріміз көп тегі:
Концерт қойып қосылып,
Ұмытамыз өкпені.
Біз — бүр жарар Түйін-Гүл,
Біз — жайқалар Қайың-Құт.
...Қандай ғажап жиын бұл —
Мерекеге дайындық.