03.10.2022
94
11.50
Кейде иыққа жүк артып теңдеп келем,
Кейде шұңқыр қазамын, терлеп келем.
Кездерім бар ерінбей көшет егіп,
Гүл өсіріп, ауланы өрнектеген.
Қажет болса, қақпаны сырлап, бояп,
Түрлі-түрлі бояумен зерлеп берем.
Қандай жақсы суарып мезгілімен,
Көкөністі жаз бойы шөлдетпеген.
Осылайша бітіріп талай істі,
Жалқаулықтан өзімді емдеп келем.
...Үйрететін осындай көп кәсіпті —
Рахмет пәніме Еңбек деген.