03.10.2022
  94


Автор: Ертай Ашықбаев

09.55

Үлкен Үзіліс,
Үлкен Үзіліс.
Әне, қызық іс,
Міне, бұзық іс.
Анау жосылды,
Мынау тосылды.
Көршімді жоғалттым,
Таппадым досымды.
Аналар алысты,
Мыналар жарысты.
Есіктер зарлады,
Еденнен шаң ұшты.
Анау жұлқынды,
Мынау бұлқынды.
Түймелер үзілді,
Қалталар жыртылды.
...Айтшы, Үзіліс,
Айтшы, Үзіліс,
Қашан келеді
Бізге түзік іс?..





Пікір жазу