03.10.2022
  66


Автор: Ертай Ашықбаев

08.20

Жүгірді бірден қаламым,
Дәптерге, міне, төнемін:
Қосамын, сосын Аламын.
Көбейтем, сосын Бөлемін.
Бағындырамын көшімді
Тек ережеге-жарлыққа:
Ырза болады Қосынды,
Өкпелемейді Қалдық та.
Көбейтіндіні мақтаймыз,
Бөліндіге де қараңыз —
Біз ережені сақтаймыз,
Барлығы дұрыс. Санаңыз.
Осылайша мен шешемін
Әрбір амалдың сиқырын.
...Алаңдамашы, Есебім,
Жоғалмас ешбір Цифрың.





Пікір жазу