03.10.2022
78
07.25
Шу толтырды көшемді,
Үйде ән мен күй дайын.
Түнгі түстер, қош енді,
Төсегімді жинайын.
Міне, мінсіз көрпем де,
Түзуленді жастығым.
Деп: «Осылай өркенде!» —
Күміс сәуле шашты Күн.
Сол сәулелер қонады —
Жарқырайды төсегім.
...Апам ырза болады,
Мен осылай өсемін