03.10.2022
  132


Автор: Ертай Ашықбаев

07.15

Мен айтайын, жан аға,
Келісесіз бұған, Сіз —
Пәтер бар ма қалада
Сірә, Шүмек-Крансыз?!
Көріп жүрсіз бәрін, Сіз,
Жуынсаңыз —
басқасыз:
Қайтер едік Сабынсыз,
Щеткасыз не Пастасыз?!
Қай жаққа да қарасақ —
Келісу мен ұғысу.
Суық суға,
қаласақ,
Қосылады Жылы су.
Үздік-үздік үлгіге
Толып тұр ғой айнала:
Қарсы алып тұр Сүлгі де,
Тамсанып тұр Айна да.
Мен — білім-дән теретін
Тазалыққа құмар құс.
...Пәтеріме келетін
Мөлдір суға мың алғыс!





Пікір жазу