03.10.2022
  103


Автор: Ертай Ашықбаев

07.05

Сергек боп өсемін мен,
Таң келсе, күліп тұрам.
Шығамын төсегімнен,
Денемді шынықтырам.
Иілем оңға қарай —
Жұтамын демімді ішке.
Иілем солға қарай —
Сүйенем сенім-күшке.
Бор болып үгілемін,
Су болып тамшылаймын,
Шаршаймын. Бүгілемін —
Намысты қамшылаймын.
Төземін. Шаттанамын,
Еденді күліп басам.
...Қайтіп мен мақтанамын —
Ал, егер шынықпасам?!.





Пікір жазу