03.10.2022
  116


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖЫЛ

Оян ерте. Оян, мейлі, кешірек,
Қарсы алды Күн 365 рет.
365 рет Таң тамсанды,
«Мен келдім», — деп, ЖЫЛ, мінеки, жар салды.
* * *
Ұмытпаймын мүлде мен,
Есте сен де сақта:
Санап көрсең, ЖЫЛ деген —
52 апта.
* * *
ЖЕЛТОҚСАН мен ҚАҢТАР, АҚПАН. Қыс — бұлар,
Қар қалыңдап, тентек боран ысқырар.
НАУРЫЗ, СӘУІР және МАМЫР. Көктем — бұл,
Жер — көкпеңбек. Аспан анау төккен нұр.
МАУСЫМ, ШІЛДЕ және ТАМЫЗ. Жаз — бұлар,
Қарбыз беріп, қауын беріп мәз қылар.
ҚЫРКҮЙЕК пен ҚАЗАН және ҚАРАША,
Күз осы ғой. Құс ән салар тамаша.
ОН ЕКІ АЙ ма? Осылайша қосылып,
Бұлар енді ЖЫЛ болады. Осыны ұқ!





Пікір жазу