03.10.2022
108
Ай
Мен бақшамды баптадым,
Ешбір тыным таппадым.
Иә, таппадым еш тыным,
Өтті... БІР күн... БЕС күнім...
Шын көмекші болды інім,
Өтті... ТОҒЫЗ... ОН күнім...
Жалқаулыққа көнбеспін,
Өтті... ОН ҮШ... ОН БЕС күн...
Жоғалтпадым күректі,
ЖИЫРМА күнім зыр етті.
Тастамадым кетпенді,
ЖИЫРМА БЕС күн өтті енді.
Жалықпадым, о, тіпті,
ОТЫЗ БІР күн өтіпті.
Сөйтіп тура АЙ болды,
Осындай бір жай болды.