03.10.2022
  260


Автор: Ертай Ашықбаев

САҒАТ

Жаңбыр жауды. Тамшы тырс-тырс тамады,
тамады,
тамады,
тамады...
Минуттарым уақытты тұр санап:
Алпыс минут — бір САҒАТ.
Түн. Жұлдыздар жарқ-жұрқ етіп ағады,
ағады,
ағады,
ағады...
Минуттарым уақытты тұр санап:
Алпыс минут — бір САҒАТ.
Бағдаршамдар үзіліссіз жанады,
жанады,
жанады,
жанады...
Минуттарым уақытты тұр санап:
Алпыс минут — бір САҒАТ.
Алпыс минут — бір САҒАТ,
бір САҒАТ,
бір САҒАТ,
бір САҒАТ...
Маған өте түсінікті бұл сабақ.





Пікір жазу