03.10.2022
  101


Автор: Ертай Ашықбаев

САУДА ОРТАЛЫҒЫ

Ретің жоқ қайран қалар,
Таңданбаймыз біз де мүлде:
Қалайсың ба —
АЙРАН да бар.
ҚАЙМАҚ та бар —
іздедің бе?!
ІРІМШІК бар. Міне, СҮЗБЕ.
Тұрар бәрі қораптарда.
Бәрі тәтті,
білесіз бе?
Ұсыныңыз қонақтарға.
СҮТ ішпесек өсеміз бе?
Сіміремін —
жайраң қағам.
...Тек СИЫР жоқ көшемізде,
БҰЗАУ да жоқ тайраңдаған





Пікір жазу