03.10.2022
  153


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕТІСТІК. КӨКТЕМДЕГІ МАҚСАТТЫ КЕЛЕР ШАҚ

Көктем шашу дайындап —
Шаһар қайта боянбақ.
...Шөп-кілемдер ЖАЙЫЛМАҚ,
Субұрқақтар ОЯНБАҚ.
Үйлер ән-күй тұр тыңдап,
Самал жел жүр аймалап.
...Әткеншектер ЖҰЛҚЫНБАҚ,
Сансыз құстар САЙРАМАҚ.
Бүршіктерге нұр сіңбек,
Болмақ шаһар гүл-аймақ.
...Тек аққала КҮРСІНБЕК,
Тек мұзайдын МҰҢАЙМАҚ.





Пікір жазу