03.10.2022
121
Құстар
Балалар жүр бұлтарып,
Ешкім дән-жем шашпайды.
Биік үйлер қымтанып,
Есіктерін ашпайды.
РЕНЖІП ҚАП ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ —
ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ?
Қандай берік жер-тегеш,
Асфальт қалай тозбайды?
Көше кезіп ерте-кеш,
Көлік біткен боздайды.
ӘБДЕН ШАРШАП ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ —
ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ?
Қала тыным таппайды,
Еш тәртіпке көнбейді.
Кім тыныштық сақтайды,
Шамдар неге сөнбейді?
ҰЙЫҚТАЙ АЛМАЙ ҚАЛАМЫЗДЫҢ ҚҰСТАРЫ —
ЖҮРГЕН ЖОҚ ПА АУЫЛ ЖАҚҚА ҰШҚАЛЫ?