03.10.2022
138

БІЗДІҢ ПОДЪЕЗД
Көктен сәуле шашылады,
«Ояныңдар!» —
Таң ұраны.
ҚЫРЫҚ ЕСІК ашылады,
ҚЫРЫҚ ЕСІК жабылады.
Біздің ұя —
жылы бесік,
Малынып тұр нұрға мына.
Бір оқулық —
ҚЫРЫҚ ЕСІК,
ҚЫРЫҚ ЕСІК —
бір мағына.
Біздің ұя —
жылы бесік,
Сыршыл ағыс, жыршыл арна.
Бір тақырып —
ҚЫРЫҚ ЕСІК,
ҚЫРЫҚ ЕСІК —
бір шығарма.
Келді,
міне,
таң самалы,
Іңір келер,
жаңылмайды —
ҚЫРЫҚ ЕСІК қарсы алады,
ҚЫРЫҚ ЕСІК қабылдайды.
Жүрсін бізге Күн ілесіп,
Саябаққа самал қонсын.
...Күтсін бізді ҚЫРЫҚ ЕСІК,
ҚЫРЫҚ ЕСІК аман болсын!