03.10.2022
  98


Автор: Ертай Ашықбаев

ЛИФТ

Шығар кезде далаға да,
Күштімін мен күштіңнен де.
Көкте жүрдім жаңа ғана,
Қас қаққанша түстім жерге.
Тастадым да,
аспан жақты,
Асфальт бетін тұрақтадым.
Он
әлде жүз баспалдақты
Қас қаққанша бір аттадым.
Сөзіме,
беу,
күлдің, інім,
Күлме,
ұғын аға сырын:
БИІК ҮЙДІҢ тұрғынымын,
БИІК ЕЛДІҢ баласымын.





Пікір жазу