03.10.2022
  264


Автор: Ертай Ашықбаев

Таң

Аспан нұрға боянады,
Көшелер де көріктенді.
БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ,
Оятады көліктерді.
Бау-бақ бейне той алаңы,
Шашты сәуле ұшқындарын.
БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ,
Оятады құстың бәрін.
Кептер жемге тояды әлі,
Қиқым-дәмді ептеп терді.
БІЗДІҢ ҚАЛА ОЯНАДЫ,
Оятады мектептерді.
Келді,
міне,
Күз бұлдана,
Жапырақтар желбіреді.
ОЯНЫПТЫ БІЗДІҢ ҚАЛА,
Оятып тұр енді мені.





Пікір жазу