03.10.2022
  235


Автор: Ертай Ашықбаев

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ. КҮТКЕН КҮН

Бүгінгі күн — күткен КҮН,
Төрт тоқсан да біткен КҮН.
Партамызды сүртпес КҮН,
Глобусты түртпес КҮН.
Тәтті ұйқыға батқан КҮН,
Лифт тыным тапқан КҮН.
Үйде жалғыз қалған КҮН,
Қолға түскен арман КҮН.
Ережеден азат КҮН,
Ғаламдағы ғажап КҮН.
Қолға кітап алмас КҮН,
Үйірмеге бармас КҮН.
Саябақта жүрер КҮН,
Шаттанар КҮН, күлер КҮН.
Әр қызыққа тоқтар КҮН,
Сыпайы КҮН, сотқар КҮН.
Жалғасы бар аңыз КҮН,
Маусым, шілде, тамыз КҮН.
Үш айдан соң кетер КҮН,
Қыркүйек те жетер КҮН.





Пікір жазу