03.10.2022
113

ӘУЕНДЕР
Мен әрнеге құштармын,
Келген кезде мына таң:
Ауладағы құстардың
Әуендерін ұнатам.
Күй тартады жан атам,
Қандай ғажап,
құлақ түр.
Шиқ-шиқ етті балапан,
Ол да маған ұнап тұр.
Дауыл-шудан қашпаймын,
Сүйем қамыс ызыңын.
Қалай үзіп тастаймын
Әуендердің тізімін?
Сонда да...
мен алаңдар
Қымбат дауыс әуелі —
Үзілісті хабарлар
Қоңыраудың әуені.