03.10.2022
  63


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕСТИЯР САНАМАҚ

Бағалар бар БІР деген —
Суық желдей соғып тұрған іргеден.
Қасында тұр ЕКІЛІК,
Анда-санда абыройды кетіріп.
Бағалар бар ҮШ деген —
Әлжуаздай берген асты ішпеген.
Бағалар бар ТӨРТ деген,
Тынығып ап, одан әрі жорт, кемем!
Бағалар бар БЕС деген,
Тоқта. Артық керек емес ештеңең!





Пікір жазу