03.10.2022
  102


Автор: Ертай Ашықбаев

САБАҚ ҮСТІНДЕ

Көше шуға бөленді,
Алыстық та жұлыстық.
...Ұмыт мүлде оны енді,
Сабақ деген —
тыныштық.
Ойын жылдам тарай ма?
Сайрандадық шалқып бір.
...Ұмыт оны алайда,
Сабақ деген —
тәртіп бұл.
Алысқандар тоңбайды,
Қар шаштың ба,
өзің біл.
...Ұмыт енді ондайды,
Сабақ деген —
төзім бұл.
Үлгілі сөз —
үлесің,
Таңдайтының —
талапты ой.
Мен айтпай-ақ білесің:
Сабақ деген —
сабақ қой.





Пікір жазу