03.10.2022
165
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
БАЙЛЫҚ
Аспан,
жұлдызың бар,
Өзен,
құндызың бар.
Ағаш,
бұтағың бар,
Автор,
кітабың бар.
Балық,
қабыршағың бар,
Қазан,
бауырсағың бар.
Мұхит,
теңізің бар,
Сыңар,
егізің бар.
Жылқышы,
құрықтасың бар,
...Менің —
сыныптасым бар!