03.10.2022
  127


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚАЛЫПТАСҚАН ЗАҢДЫЛЫҚТАР

Қалыптасқан заңдылықты сақтаңыз:
Автоқалам,
портфельдерде жатпаңыз,
Бор,
келіңіз,
ілулі тұр тақтаңыз.
Қалыптасқан заңдылықтан таймаңыз:
Күнделіктер,
бестік толып жайнаңыз,
Тапсырмалар,
жатталыңыз,
сайраңыз.
Қалыптасқан заңдылықтан қашпаңыз:
Кітап,
ылғи тың тақырып бастаңыз,
Дәптер,
үтір, нүктелерді шашпаңыз.
Қалыптасқан заңдылыққа сеніңіз:
Мұғалімдер,
күлімсіреп келіңіз,
Оқушылар,
дұрыс жауап беріңіз.
Қалыптасқан заңдылықты сақтаңыз:
Көңілді боп өте шығар аптаңыз!





Пікір жазу