03.10.2022
92
ТАНЫС ТОРҒАЙ
ҰШЫП-ҚОНЫП,
торғайым,
Кезігесің күн сайын.
Қалай алаң болмайын,
Сені қайда жұмсайын?
Қалықтайсың аспанда,
Отырасың ағашта.
Біз дақыл жем шашқанда,
Кірісесің таласқа.
Бәлкім,
қыста тоңасың,
Кім аязды тұсасын?
ҰШАСЫҢ ДА,
ҚОНАСЫҢ,
ҚОНАСЫҢ ДА,
ҰШАСЫҢ.
Мамық жүнің — шекпенің
Үрпі-түрпі,
досым-ай.
...Болмаған соң мектебің
Жүресің бе осылай?