03.10.2022
89
Мақтаныш
Жұрт таңертең жұмысқа аттанады,
Барған соң шаттанады,
МАҚТАНАДЫ.
Себептер бар,
әрине,
МАҚТАНАТЫН,
Дәрігер киіп алар ақ халатын.
Сатушы кәмпиттерін тізбелейді,
«Ең тәттісін берейін сізге», — дейді.
Сантехник МАҚТАЙДЫ кілт, құралын,
Шүберекпен тазалап сүртті бәрін.
Саудагерлер МАҚТАЙДЫ өріктерін,
Шоферлар әспеттейді көліктерін.
Терек, қайың МАҚТАЙДЫ бұтақтарын,
...Мен сендерді МАҚТАЙМЫН,
кітаптарым!