ТҮН БАЛАСЫ, СУ АНАСЫ
Жұлдыз жайнап, Ай толысқан кез еді,
Гүр-гүр етіп тасиды тау өзені.
Жолаушының астында аты – арғымақ,
Жас баласын келе жатыр алдына ап.
Гүр-гүр етіп ақ көбігін атқылап,
Тасып жатыр киелі су – Көкбұлақ.
Түн баласы тұңғиыққа тартады,
Су анасы тереңге әнін сарқады.
Су перісін шошытып ат тұяғы,
Қара суды қақ ортадан қияды.
Су – қара күш, тілсіз, тылсым диірмен –
Албырт жасты айналдырып үйірген.
Керек оған періштенің жүрегі,
Жас әйел мен жас бала – оның тілегі.
Шайқалады қара судың қаймағы,
Қара бұлтқа жасырынды Ай да әні,
Су – бура күш, қанталаған Ай көзі
Бір жарқ етіп көрінді де, тайды өзі.
Кішкене қыз шошып жаман шар-р етті,
Селк етті әке: «Қандай ғана нәлет-ті».
Сулығымен дереу басын бүркеді,
Дір-дір етіп сонда да қыз үркеді.
Бір нәрсені мұрша болмай байлауға,
Жолаушы да жетті ауылына – жайлауға.
Шошынады сәби жылап «әне» деп,
Шошайтады саусақтарын «бө-бө» деп.
... Түніменен қолға тұрмай «бө-бө» – леп,
Таң саз бере ұшпаққа ұшты ол, не керек...
Жұлдыз жусап, Ай тыныққан кез еді,
Тасиды... жоқ... басылды тау өзені.