03.10.2022
  115


Автор: Төреғали Тәшенов

Толған Ай тасаланып бұға берді...

Толған Ай тасаланып бұға берді,
Сұлқ түсіп сынған көрдім шұбар өңді.
Соншалық сұқтанып ем, бұртиып қап,
Буалдыр бұлтқа сүңгіп, мұнарға енді.
«Сұлудай сұлап түскен сынап ерді,
Жатыр ма жастығында жылап енді», –
Дегенше, жас баладай жайнаң қағып,
Жарқ етіп нұрлы жүзі шыға келді.





Пікір жазу