03.10.2022
  130


Автор: Төреғали Тәшенов

ЫМЫРТ ӘУЕНДЕРІ

I
Айнала тылсым сыбырлап,
Жапырақ кетті тыншымай.
Еркімді алды түн ұрлап,
Телміріп үнсіз сыршыл Ай.
Айнала сыбыр көшеді,
Қадалып қалды Ай да тым.
Ұры жел суық еседі:
«Арбалдың, – деп, – ойлы ақын».
II
Тұнжырап қоп-қою желекті
Қара тал үріккен ұйлығып,
Басын өрт жалаған теректі
Сүйрейді тойымсыз тұңғиық.
Алыстан бақаның құрылы
Тынбайды құлаққа сыр құйып,
Жұлдыздың дірілі, жапырақ қыбыры
Әсершіл жаныма қалды ұйып.





Пікір жазу