03.10.2022
  123


Автор: Төреғали Тәшенов

ЖАҢБЫР АЛДЫНДА

Бура бұлттар езгендей
Бұла ағаштың еңсесін,
Әлденені сезгендей
Тарылады жер төсі.
Ұшар басы теректің
Бұлтты ауырлап тұрғандай.
Көкке емінген үміттің
Қалған бәрі ырғалмай.
Жалбыз иісін жаңбырдың
Бұрқыратып, жарықтық,
Тау жуына бастады,
Көпіршітіп қарық қып.
Тас атқанға тарылмас
Салмағы ауыр қара су
Тамшылармен қағысып,
Жылдамдатты ағысын.
Су ұстатпай құйрығын,
Ағыл-тегіл құйды күн.
Жуып-шайып барлығын,
Төкті күздің жаңбыры.





Пікір жазу