03.10.2022
  129


Автор: Төреғали Тәшенов

ТҮНГІ ҚҰС

Тастағандай тұмшалап қараңғылық,
Қарауытқан нәрседен алам күдік.
Қозғала алмай орнынан тұрған сынды,
Қорқынышын қойнына далам бүгіп.
Қап-қара бұлт жылжиды алға асыға.
Жалғыз жұлдыз, жерге ол да тамды асыға.
Тыныштықты пергілеп қанатымен,
Жайғаса алмай жатыр құс тал басына.
Қарасаң-ақ секілді тұншығатын,
Қара түнге тесіліп кім шыдасын.
Қорғалақтап әлдебір қорқыныштан,
Тыпыршыған құс та әлгі тыншыды ақыр.





Пікір жазу