03.10.2022
  115


Автор: Төреғали Тәшенов

Күркіреп дауыл соқса бір....

Күркіреп дауыл соқса бір,
Сатырлап жаңбыр құйса ғой.
Жазылар еді бас та ауыр,
Құрыспас еді қымтап ой.
Дауыл жоқ соғар жыны ұстай,
Жауын жоқ, тұр бұлт жуыспай.
Қайтеді шекең тырыспай,
Қарадай қойса жыр ұшпай?!
Білсең айт емін, досым-ай,
Тосын ой, бәлкім, қалғуда.
Тұрмайтын ба еді осылай
Тымырсық
дауыл алдында.





Пікір жазу